379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтаннан Алматыға 7000 теңгеге ұшып баруға болады

  • 192
  • UPD: 17:14, 02.04.2019
Нұр-Сұлтаннан Алматыға 7000 теңгеге ұшып баруға болады Today.kz

FlyArystan Нұр-Сұлтаннан Алматыға 7000 теңгеге рейстерді ашты.

2019 жылы 1 мамырда сыйымдылығы 180 орны бар реактив Airbus A320 әуелайнерлері Нұр-Сұлтаннан ұша бастайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстандықтар арасында танымал бағыт бойынша тарифтің ең төменгі құны бір жаққа 6 999 теңгеден басталады. Билеттерді брондау компанияның сайтында қолжетімді.

«Біз күн сайын ең қолжетімді бағамен жүзеге асыруға дайын отандастарымыздың арасында күтілетін әуе қатынасы болады деп сеніммен айтуға болады. Бұдан былай елордаға 6 999 теңгеге екі сағатқа жетпес уақытта ұшып келу мүмкін болады, тек бизнесмен ғана емес, сонымен қатар қарапайым студентке де мүмкіндік туады. Сондай-ақ, біз осы бағыттың арқасында еліміздің оңтүстік және солтүстік аймақтарының әдемі табиғатын көргісі келетін қазақстандықтар арасында жергілікті туризмді дамытуға өз үлесімізді қосамыз деп үміттенеміз», - деді FlyArystan сату және маркетинг жөніндегі директоры Жанар Жайлауова.

FlyArystan өзінің барлық жолаушыларына шарттары авиакомпанияның ресми сайтында егжей-тегжейлі сипатталған тарифтер ережелерімен мұқият танысуды ұсынады.

Осыған дейін, FlyArystan әуекомпаниясы Алматыдан Таразға дейін 2019 жылдың 1 мамырына жоспарланған алғашқы рейске билет сатуды ашқаны хабарланған.

Сапар ұзақтығы 60 минут болатын біржақты билет құны әуежай алымдарымен қоса есептегенде 4 999 теңгеден басталатыны айтылады. FlyArystan өкілдерінің айтуынша, Алматы-Тараз-Алматы бағытымен 180 орындық, заманауи Airbus A320 ұшақтары күнделікті сапарға аттанады. Осылайша, жаңа әуекомпания осы бағыт бойынша бір жылда 130 000 аса жолаушыны тасымалдайды.

Хабар 24 телеарнасы