389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 80 дәрігер жетіспейді

  • 338
  • UPD: 23:52, 02.04.2019
СҚО-да 80 дәрігер жетіспейді

Еліміздің солтүстік өңірінде медицина саласының мамандары тапшы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәлірек айтқанда, 80 дәрігер жетіспейді. Дегенмен бұл проблема биыл шешілмек. Осы мақсатта Нұр-Сұлтан, Семей және Қарағанды қалаларындағы медицина университтерінің түлектерін тарту көзделген. Жас мамандар ауылды жерлерде тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Сонымен қоса 1,5 млн теңге үстеме ақы беріледі. Осы әдіспен 2018 жылы аймаққа 50 дәрігер маман тартылыпты.

Тимур Сұлтанғазиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Қазір баланста жас мамандарға берілетін 30 үй дайын тұр. Түлектердің көбісі қазірден бастап қызығушылық білдіріп отыр. Бүгінде олардың 50 астамы бізбен келісімшартқа отырды.

Хабар 24 телеарнасы