389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада қымбат автокөліктердің айнасын ұрлайтын күдікті ұсталды

  • 337
  • UPD: 13:03, 03.04.2019
Елордада қымбат автокөліктердің айнасын ұрлайтын күдікті ұсталды elorda.info

Полицейлер қымбат автокөліктердің бүйірлік айналары мен фарларын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Елорда Инфо Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Көлік құралдарымен байланысты қылмыстарды анықтау, жолын кесу және ашу бойынша жұмыстар – құқық қорғаушылардың жедел-қызметтік іс-әрекетіндегі ең басым бағыттарының бірі. Алайда, барынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, автомобиль салондарынан жеке мүлікті ұрлау жалғасуда.

Автомагнитола мен құжаттардан бастап бағалы техника мен көлемді ақшалай қаражаты бар сөмкелерді ұрлау секілді қылмыстар күзетілмейтін аумақтарда және аула тұрақтарында жылдам жасалады.

«Өткен аптада полицияға түнгі уақытта автомашинаның бүйірлік айналары мен фарларын ұрлау фактісі бойынша азаматтар шағымданды. Криминалдық полиция қызметкерлері аталған қылмыс түрі бойынша автомашиналардан жиі ұрлық жасалатын орындарды анықтады. Аталған ұрлық жасайтын тұлғаларды ұстау бойынша шаралар қабылдау үшін полиция қызметкерлері автомашиналардан ұрлық жасалуы ықтимал жерлерді қамтитын түнгі рейдтерге шықты. Рейдтік іс-шараларды жүргізу барысында жедел қызметкерлер елорданың 35 жасар тұрғынын байқаған. Полиция қызметкерлері күдіктіні түнде кезекті ұрлық жасап жатқан кезде ұстады», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Тергеу іс-шараларын жүргізген кезде полицейлер ұсталғанның пәтерінен қымбат автокөліктерден ұрланған 5 фар жиынтығын, әртүрлі автокөлік маркаларының 18 бүйірлік айнасын және басқа да аксессуарларды тәркіледі.

Сондай-ақ ұрлық жасаған орындардан жұлып алған 9 бейнебақылау камерасы тәркіленді.

Ұрлық фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ер адам Уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Оның автокөліктен жасалған 9 ұрлыққа қатысы бар деп күдік келтірілуде. Күдіктінің қала аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ полицейлер автокөлікті міндетті түрде дабылмен жабдықтауға, көлікті күзетілетін тұрақтарға қоюға, көлікте бағалы заттарды қалдырмауға кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы