389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халық сайлаған Президенттің ел басқарғаны дұрыс - сарапшы

  • 485
  • UPD: 08:28, 10.04.2019

Тұрақты билік ел экономикасы дамуының кепілі. «Ол үшін халық сайлаған Президенттің ел басқарғаны дұрыс», - дейді экономика ғылымдарының докторы Рахман Алшанов.

Рахман Алшанов, экономика ғылымдарының докторы:

- Нақты шешім қабылдап, дер кезінде орындалмаса, соны бақыламаса, халық күмән туғызады. оған билік керек. Сырттағы елдер де қалай болады екен, инвесторлар келейік пе, келмейік пе? Инвестиция деген – сенім ақшасы. Саған сенбейтін болса келмейді.

Халықтың саяси деңгейі өсті. Елдің бәрі қалай болып жатқанын көрді. Халықтың жауапкершілігі өсті. Соған байланысты ешқандай күмән жоқ. Сайлаудың жақсы өтетініне, оң өтетініне ешқандай кедергі болмайтын сияқты.

Хабар 24 телеарнасы