378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертісте су деңгейі түсіп келеді

  • 116
  • UPD: 14:23, 10.04.2019
Ертісте су деңгейі түсіп келеді

Семейде Ертіс өзеніндегі су деңгейі 220 сантиметр болып тұр. Қауіпті меже 450 сантиметр.

Ал Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында көктемгі су тасқынына байланысты жағдай тұрақталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Су деңгейі бір метрге дейін төмендеген. Осыдан бірнеше күн бұрын Кривинка ауылынан 6-7 шақырым жердегі Ертіс өзенінде мұз кептеліп, жағалауға су жайылған еді. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, шұғыл атқарылған шаралардың нәтижесінде ауылдағы үйлерге су кірмеген. Өзен жағалауында 6 жерде әлі де тәуліктік бақылау жұмыс істеп тұр. Жетіжар ауылдық округінде 11 техника мен 34 адам кез келген жағдайға дайын тұр

Хабар 24 телеарнасы