389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Тұңғыш». Нұр-Сұлтанда көшпелі экскурсия жобасының он күндігі басталды

  • 341
  • UPD: 20:51, 17.04.2019

«Тұңғыш». Дәл осындай атаумен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде көшпелі экскурсия жобасының он күндігі басталды. Онда «Қазақстандағы президенттік институттың құрылу және даму тарихы» көрмесін тамашалауға болады.

Университет студенттері бүгін оқуын әдеттегіден өзгеше бастады. Олар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Президенттік оркестрінің әскери дефилесін тамашалап, көшпелі көрмені көрді. «Елбасының даңғыл жолын бейнелейтін бірегей жәдігерлерден өмірлік азық алдық», - дейді жастар.

Сая Нәбижан, студент:

- Жеке өз басым осы көрмеден үлкен әсер алдым десем болады. Неге десеңіз, тарихи экспонаттарды өз көзімізбен көріп, қолымызбен ұстауға мүмкіндік алдық. Елбасымыздың жасаған жетістіктерін көре отырып, достарымыз қанаттанады деп ойлаймын. Бұл үлкен мотивация болды.

Мұнда сирек кездесетін кадрлар мен суреттер сөйлеп тұр. Өйткені көшпелі көрмеге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы мен қызметін баяндайтын құжаттар қойылған.  

Әмірхан Рахымжанов, «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы» ММ директоры:

- Сонымен қатар кластан класқа көшкен табельдерін де қолмен ұстап, қандай баға алғанын, кітаптарын оқыды. Бұл ерекше сенім, сезім ұялатады деп ойлаймын.

Ақылбек Күрішбаев, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры:

- Жастарымыз Елбасының еңбегін жақсы біледі, жаңа тарихын жақсы біледі. Бұл шараға жастарымыз өте белсенді қатысып жатыр. Оның көрінісін көруге болады. Көрмемен танысып жатыр. Бізде 13 мың студент бар. Солардың барлығы қатысып отыр.

«Тұңғыш» көшпелі экскурсия жобасы сәуірдің соңына дейін жалғасады. Жоғары оқу орындарымен қатар елордалық бірқатар мектеп те өтпек.

Авторы: Айнұр Қуатқызы

Хабар 24 телеарнасы