388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жас ғалым өсімдікті топырақсыз өсіруді зерттеп жүр

  • 611
  • UPD: 17:29, 08.05.2019

Топырақсыз көкөніс. Бұл - «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасына енген жас ғалым Диас Тастанбековтың аграрлық салаға енгізген инновациялық жобасы. 

Бұл Диас шағын зертханасы. Жас ғалым осы жерде өсімдікті топырақсыз өсіріп, баптауды ғылыми тұрғыда жетілдіріп зерттейді. Алғашқы нәтиже де жаман емес. Соңғы технологиямен жабдықталған жылыжай өнімдеріне қаладағы дәмханалардан сұраныс жоғары. Себебі белгілі, өнім экологиялық таза, химиялық қоспасыз. 

Диас Тастанбеков, жобаның негізін қалаушы:

- Бұл жобада біз топырақсыз, пестицидсіз, экологиялық таза өсімдіктерді өсіреміз. Және осы үдерістің бәрі автоматтандырылған. Осы жобаның төрт бағыты бар. Технология негізі – топырақсыз өсіруде. Ал барлық қажетті құнарлы қоректік заттар су арқылы тікелей тамырға барады.  Күн сәулесі жеткіліксіз не мүлдем жоқ болса, арнайы фитолампа қолдансаңыз болады.

Бұл әдіс ең бастысы суды үнемдеуге мүмкіндік береді әрі қаладағы үйде отырып, көкшөптерді өсіріп, күнделікті асқа пайдалануға болады. Қазір Диастың жылыжайында жұпар иісті базилик пен рукола көкшөптерінің үш түрі өсіріледі.

Диас Тастанбеков, жобаның негізін қалаушы:

- Қазір бізде 80 килограмм дайын тұр. Соны сатумен айналысып жүрмін. Тек қана температура ылғалдылық және судағы қоректік зат пен PH дұрыс болса өсе береді. Сонда оны басқа өсімдікпен салыстырсақ, осыларды өсірген оңай және тиімді.

Инновациялық жоба тек көк шөп өсіріп, сатуды көздемейді. Бұдан бөлек осы бағытта еңбектеніп жүрген жас ғалымдар топырақсыз өнім алуға қызығушылық танытқандарды оқытып, мектептерде биология сыныптарын жобаға сай жабдықтайды.

Диас Тастанбеков, жобаның негізін қалаушы:

- 100 есімге кіргеннен кейін ол әрине жауапкершілік. Несие сияқты. Сол несиені ақтағым келеді, әрине. Ол несиені ақтау үшін ғылым, мектептермен, білім берумен айналысуым керекпін. Істеген ісімді жүзеге асыра осы 100 есімге кірген несиемді ақтаймын деп ойлаймын.

«Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы арқылы білімін шетелде жетілдіріп келген Диас Тастанбековтың принтерден шыққан кеңсе қағаздарының сиясын кетіріп, қайта пайдалану жобасы да ғылыми ортада жоғары бағасын алды. Жаңа технологияға сұраныс болса жас ғалым оны қолданысқа енгізуге дайын.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Қанат Қаматаев

Хабар 24 телеарнасы