378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда Жайықтың жағасы көпшілік демалатын көрікті орынға айналады

  • 99
Атырауда Жайықтың жағасы көпшілік демалатын көрікті орынға айналады

Атырауда Жайық өзенінің жағасы абаттандырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отыз жылдан астам уақыттан бері жөндеу көрмей, жиегі жарқабаққа айналған өзен жағасы енді көпшілік демалатын көрікті орынға айналады. Құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңінде өзен жағасының екі шақырымға жуық аумағы ретке келтіріледі. Мұнда су бұрқақтары, балаларға арналған ойын және спорт алаңдары, суға шомылатын жағажайлар салынады. Бір жылдан кейін бұл көркейіп, кісі қызығатындай болып өзгереді дейді мамандар. Демек Атырау жұрты Жайық жағасында жаппай демалатын кез де алыс емес.

Боранбай Балымбетов, құрылыс учаскесінің басшысы:

– Қазір үш учаскенің ұзындығы 1861 метрде жұмыс жүріп жатыр. Әр учаскеде үш бригададан бар. Келесі 2020 жылдың сәуір айында тапсыруға жоспарлап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы