389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлаудан ақпарат таратуға 227 журналист рұқсат алды

  • 237
  • UPD: 15:23, 09.06.2019

Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлаудан ақпарат таратуға 227 журналист рұқсат алған.

Орталық сайлау комиссиясы 40 мемлекеттен келген тілшіні тіркепті. Ресейлік ақпарат агенттігінде қызмет ететін әріптесіміз арнамызға берген сұхбатында біздегі сайлаудың әзірге әділ өтіп жатқанын, журналистердің жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалғанын жеткізді. Сондай-ақ шетелдік тілші қазір әлемнің көптеген елі сайлау процесін жіті бақылап отырғанын айтты.

Дмитрий Караман, журналист /Ресей, Мәскеу/:

- Қазақстандағы президенттік сайлаудан ақпарат таратып жатырмыз. Біз үшін бұл саяси доданың маңызы зор. Орталық сайлау комиссиясында тілшілерге барлық жағдай жасалған. Журналистің жұмыс істеуіне ешкім кедергі келтірмейді.

Хабар 24 телеарнасы