389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада конго-қырым қанды безгегінен 2 адам көз жұмды

  • 372
Қызылордада конго-қырым қанды безгегінен 2 адам көз жұмды aif.ru

Қызылордада конго-қырым қанды безгегін жұқтырып, ауруханаға түскен екі адам көз жұмды.

Олардың бірі – Шиелі ауданы Досбол би ауылының 29 жастағы тұрғыны. Диагнозы расталған. Сондай-ақ 22 маусымда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыр халде жеткізілген 34 жастағы Қызылорда тұрғыны да қайтыс болды. Қазіргі уақытта зерттеу жүргізіліп жатыр. Айта кетерлігі, жыл басынан бері өңірде Конго-қырым қанды безгегіне қатысты 9 оқиға тіркеліген. Олардың төртеуінің диагнозы расталды.

Жақсылық Әбдусаметов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Шиелі ауданында 1990 жылғы ер азамат ауруханаға өте ауыр жағдайда түсті, геморрагиялық қан кету белгілері болды. Бірақ жасаған ем нәтиже бермей, өкінішке орай қайғылы жағдайға душар болды. Екінші жағдай – Сабалақ елді мекенінен. Оған да тиісті емдері клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізілді, бірақ емнен нәтиже болмай, бұл науқас та қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы