384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каспий теңізін тексеру кезінде 400 шақырымдық тор табылған

  • 159
  • UPD: 20:15, 24.06.2019
Каспий теңізін тексеру кезінде 400 шақырымдық тор табылған

Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтетіндер бар.

Көбісі басқа мемлекетке біздің елдің шекарасы арқылы контрабандалық тауар тасиды. Яғни мемлекеттік шекараны транзит ретінде пайдаланады. Бұл туралы Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында айтылды. Жиында депутаттар, қауіпсіздік кеңес мүшелері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері «Мемлекеттік шекара туралы» заңның жүзеге асырылуын талқылады. Шекара қызметі қазір сақтық шараларын барынша күшейткен. Мысалы, Каспий теңізінде браконьерлікпен күресуге арналған бірлескен жедел алдын алу шаралары өз нәтижесін берді. Су астын тексеру кезінде 400 шақырымға жуық ау мен тор секілді түрлі балық аулау құралдары табылған.

Хабар 24 телеарнасы