389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда арыстықтарды қолдау шаралары жалғасып жатыр

  • 216
  • UPD: 11:37, 27.06.2019

Оралда Арыстағы жойқын жарылыстан зардап шеккендерді қолдау шаралары жалғасуда.

Қалада үш бірдей гуманитарлық көмек қабылдау пункттері тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Тұрғындар мұнда киім-кешек пен азық-түлік жеткізіп жатыр. Ал 30 тоннаға тарта гуманитарлық жүк тиелген қайырымдылық керуені Арысқа аттанып кетті. «Жас отан» жастар қанаты мен жастар ресурстық орталығының өкілдері Арыс тұрғындарына көмек көрсету үшін құрылған қорлардың ресми есепшоттарын әлеуметтік желілерде таратуға кіріскен. Айта кету керек, бұл қорларға аймақтағы мемлекеттік қызметшілер, мекеме-кәсіпорын ұжымдары, журналистер мен медицина қызметкерлері өздерінің бір күндік жалақыларын аударыпты. Қайырымдылық шарасынан ақындар да тыс қалмай, қомақты ақша қаражатын жасотандықтарға әкеп тапсырған.  

Нұржамал Нағиева, қала тұрғыны:

– Осындай жағдайды естіп, өзімнің көмегімді берейін деп келдім. Кішкентай балаларды көргенде, жүрегім ауырып кетті.

Билен Әшімов, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бөлім басшысы:

– Қазіргі таңда арнайы нөмір белгіледік, 7 705 143 06 06 контакт нөмірі, осы нөмірді әлеуметтік желілерге хабарландыруларға шығардық. Хабарласып жатқандар өте көп, мекенжайды сұрап жатқандар да көп.

Хабар 24 телеарнасы