384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Ноғаев: Еңбек жағдайы бәріне бірдей болуы керек

  • 254
  • UPD: 15:24, 30.06.2019

Атырау облысының әкімі Теңіз вахталық қалашығына барып, жұмысшылармен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұрлан Ноғаев ашуға булыққандарды сабырға шақырып, алдағы уақытта өңір басшылығы тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты. «Шетелдік компания өкілдері қызметкерлердің еңбек жағдайы бәріне бірдей болуын қамтамасыз ету керек», – деді. «Ешкімнің құқығы тапталмауы тиіс және жұмысшылардың талабы толықтай ескеріледі», – деді ол. Әкім жағдайды реттеу үшін ведомствоаралық комиссия құрылғанын жеткізді. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары жетекшілік етеді.

Нұрлан Ноғаев, Атырау облысының әкімі:

– Біз ведомствоаралық комиссия құрдық, оған облыс әкімінің бірінші орынбасары жетекшілік етеді. Комиссия бірдей еңбек жағдайын қамтамасыз ету мәселесімен айналысады. Сіздер комиссия құрамына өз өкілдеріңізді қоса аласыздар, әріптестерім телефон нөмірлерін қалдырады, жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстарыңызды беріңіздер. Сіздердің жұмыс кестелеріңізде ешқандай өзгеріс болмайды, жұмыс қалыпты режимде жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы