384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдау нәтижесі Арыста радиация жоқ екенін көрсетті

  • 287
  • UPD: 00:00, 05.07.2019

Арыста радиация жоқ.

«Ұлттық сараптама орталығының» мамандары осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24». Радиологтар ауа, су және топырақтан 578 сынама алып, барлығы оң нәтиже көрсеткен. Ұлттық сараптама орталығының қызметкерлері жарылыс аймағы мен қала ішінде жоспардан тыс атмосфералық ауа, радиациялық фон және жер үсті сулар бойынша сынама алу ұйымдастырды. Атмосфералық ауа сынамалары 8 нүктеде 6 ластаушы заттар бойынша алынды. Талдау нәтижелері бойынша басты иондар, ауыр металдар мен биогенді заттарды қоса алғанда су сапасының 29 көрсеткіші бойынша бекітілген нормадан асу анықталған жоқ. Су сапасының қалған 19 көрсеткіші бойынша талдаулар 5 күн ішінде дайын болады. Жер үсті сулары мен атмосфералық ауаның талдау нәтижелері бойынша жоғары және экстремалды-жоғары ластану анықталған жоқ. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, екі апта көлемінде қару-жарақ, жарылғыш снарядтар Арыстан көшіріле бастайды. Қазіргі таңда әскерилер дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қалбибі Жұмабаева, «Ұлттық сараптама орталығы» Арыс қалалық бөлімше басшысы:

– Арыста радиация жоқ. Сеніммен айта аламын. Радиология бойынша 578 сараптама жасадық. Оның бәрінде анықталған жоқ, яғни жақсы нәтиже берді. Су да жақсы қазіргі таңда. Бастапқыда су болмағаннан құбырларда кішкене судың бактериологиялық көрсеткіші  жоғары болған, қазіргі таңда су құбырларына дезинфекция жасалып, халыққа жақсы су беріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы