386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар А. Балаева мен Т. Сүлейменовтің тағайындауларына қатысты пікір білдірді

  • 157
  • UPD: 20:08, 22.07.2019

Қазақстандық сарапшылар Аида Балаева мен Тимур Сүлейменовтің тағайындауларына қатысты өз пікірлерін білдіріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың айтуынша, қос атқамінер де Президент Әкімшілігінің халықпен байланысты нығайтуға қатысты жұмысын одан әрі жетілдіре алады.

Жанар Санхаева, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері:

– Президент Әкімшілігі жанынан құрылған өтініштерді қарауды бақылау бөлімін халықпен жұмыс істеу тәжірибесі бар Аида Балаева басқармақ. Осылайша Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың халықпен етене байланыс орнатуына көп көңіл жатыр. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқаруды реформалау барысын қатаң бақылауға алды.

Бекжан Садықов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері:

–Тимур Мұратұлы – кез келген істі бір жүйеге қойып, тыңдыратын адам. Оның мемлекеттік органдарды басқарған тәжірибесі және бар. Әр жылдары Ұлттық экономика министрі де болды, Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметін де атқарды. Бұл Президенттің экономикалық мәселелерге ден қойып жатқанын аңғартады.

Хабар 24 телеарнасы