386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ақжайық» мемлекеттік қорығында ішкі туризмді дамыту қолға алынды

  • 154
  • UPD: 20:13, 22.07.2019

Атырау облысындағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аймағында әуесқой балықшылар мен туристер үшін жазғы балық аулау маусымы басталды.

Бұған дейін қорық аумағына кіру мүлде мүмкін емес-ті.

Алайда тамылжыған табиғат аясында демалуды қалайтындар мен өңірге сырттан келген туристердің өтініші бойынша резерват басшылығы арнайы орындар жасақтап, биыл тұңғыш рет қорық аумағына қармақ салуға рұхсат беріп отыр. Бұл-Жайық-Каспий табиғатымен танысуға игі ықпал етеді дейді мамандар.

Өмір бойы Жайық жағалап өскен әуесқой балықшы Тілек Нығметов үшін осы жолғы демалыс сәтті өтуде. Екі ұлымен келген ол күн қызбай жатып, 4 балық ұстап үлгеріпті.

Тілек Нығметов, әуесқой балықшы:

– Табиғаттың аясында жұмыстан босап, бой жазуға келгенде тамаша демалуға негіз беретін бір оң бастама деп санаймын.

Қорық аймағында балық аулаудың өзіндік ережесі бар. Атап айтқанда, бір адамға бес қармақпен 5-10 келі ғана балық аулауға рұқсат етіледі. «Ақжайық» резерваты Каспий теңізінің тармағында орналасқандықтан, балыққа да, аң-құсқа да өте бай. Сондықтан демалушылар мен әуесқой балықшылар үшін тірі табиғаттың мазасын алмау басты шарт.

Нұрлан Кәрімов, «Ақжайық» табиғи резерватының директоры:

– Табиғи резерватқа келгенде тазалықты сақтау қажет. От жағуға және табиғи қорық аймағында суға түсуге қатаң тыйым салынады.

Соған қарамастан қорық аймағына тынығуға ниет білдірушілер саны күн санап артып келеді. Тек өткен демалыс күндері мұнда 200-ге тарта демалушы келіпті.

Арыстанбек Кенже, тілші:

– Әдетте, балық аулау ол демалыс қана емес, бұл арадан азын-шоғын олжа табуға да болады. Қараңыз, менің қармағымды да қапқан секілді. О! мөңке балығы кішілеу, дегенмен мен секілді әуесқой балықшы үшін аз олжа емес секілді.

Келешекте, резерват қызметкерлері демалушыларға көрсетілетін қызмет түрлерін жетілдірмек. Ол үшін өзек жағаларынан демалыс орындары жасақталып, моторлы қайықтар жалға берілетін болады.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы