386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 5 жастағы бала белгісіз жидектен уланып көз жұмды

  • 164
СҚО-да 5 жастағы бала белгісіз жидектен уланып көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облысында белгісіз жидек түрін жеген көп балалы отбасы уланып, 5 жасар қыз бала үйінде қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір осы оқиғаға қатысты сараптама жүргізіліп жатыр. Бұл ретте мамандар мұндай жағдайлардың алдын алу үшін балалар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту керектігін ескертеді.

Қайғылы жағдай 16 шілдеде Кішкенекөл ауылында болды. Бір үйдің төрт баласы аула маңында өсіп тұрған жидекті жеген. Әзірге қандай екенін анықтау мүмкін болмай отыр. Тіпті бес жастағы сәби ұйықтаған күйі оянбаған. Науқастар екінші күні санавиациямен облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, жатқызылды.

Инна Тальникова, облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

– Анасының айтуы бойынша жидекті тек балалар ғана жеген. Біз оларға бірнеше түрін көрсеттік. Алайда бүлдіршіндер нақты мынау деп айта алмады. Қызығы жидекті жемеген анасы да дәл осылай уланған. Уақытылы ем-дом көрсетілген науқастар 3-4 күннен кейін үйлеріне жіберілді.

Қазір осыған байланысты өңірдің санитар дәрігерлері дабыл қағып отыр. Мамандардың айтуы бойынша, олқылықтың алдын алу үшін ата-аналар бірінші кезекте балалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізулері қажет.

Наталья Беляева, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім жетекшісі:

– Балалар негізінен түрі, түсі әдемі жидектерге қызығады. Тіпті абайсызда жеп қоюлары да мүмкін. Сондықтан бүлдіршіндерді қараусыз қалдыруға болмайды. Ал 5 жасқа толмағандарға мүлдем саңырауқұлақ бермеген жөн.

Солтүстік Қазақстан облысында улы жидек пен өсімдіктердің 5-6 түрі өседі. Олардың адам денсаулығына ең қауіптісі – саңырауқұлақ. Былтыр оны жеген 16 адам уланып қалған.  

Самат Қайырденұлы, тілші:

– Қазір жаз мезгілі. Аптап ыстықтан кейін жауын жауса, орманда саңырауқұлақтар қаптап шығады. Бұл ретте мамандар оны пайдалануда абай болу керектігін ескертеді. Өйткені мұның арты қайғылы аяқталуы мүмкін.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы