388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордадағы сарқынды көлшіктер биылдан қалмай көмілетін болды

  • 309
  • UPD: 09:06, 26.07.2019
Қызылордадағы сарқынды көлшіктер биылдан қалмай көмілетін болды

Қызылорда қаласында жалпы аумағы 100 мың шаршы метрге жуық бірнеше сарқынды көлшік бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жауын-шашын салдарынан сай-салаға ұзақ жылдар бойы ағынсыз жинала бергеннен кейін иісі мүңкіп, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіріп келеді. Оның үстіне түрлі қоқыс араласып, шыбын-шіркей мен масаның да ошағына айналған. Иісі қолқаны қабатын мұндай зиянды көлшіктердің 42 мың шаршы метрі жеке тұлғаларға тиесілі болса, 57 мың шаршы метрі коммуналдық меншікте екен. Қала басшылығы бұл мәселе биылдан қалмай шешілетінін мәлімдеді. Яғни коммуналдық меншіктегі көлшіктер көміледі. Ал жекеменшіктегілер тиісті талапты орындамаса, шара қабылданатын болады. Тіпті мақсатты пайдаланылмаған жерлерді қайтарып алу да қарастылып отыр.

Ерлан Бердібаев, қала әкімінің орынбасары:

- Көлшікті алған адамдар, оның иелерін тауып, барлығына да ескерту берілді. Өз күштерімен көму, шамасы келмеген жағдайда қоршап, ол жердің тазалығын, табиғи экологиялық жағдайын сақтауға, санитарлық жағдайын сақтауға келісімшарт жасалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы