386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік еріктілер көшеттерді тамырына зиян келтірмей көшіруді қолға алды

  • 133
  • UPD: 15:19, 29.07.2019
Ақтөбелік еріктілер көшеттерді тамырына зиян келтірмей көшіруді қолға алды

Ол үшін өңірдегі жалғыз арнайы автокөлікті жөндеп іске қосқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін хабарлағанымыздай, шаһарда отырғызылған жас тал-теректер қурап қалған болатын. Бұған дер кезінде суарылмауы және ағаштардың жергілікті ауа райына жерсінбеуі себеп болып отыр. Сондай-ақ тамырын жайған теректерді құрылысшылар қиратып кететін.

«Бұл жайтты қолына алған еріктілер тобы енді әрбір көшеттің жай-күйін қадағалаймыз», дейді.

Евгений Лазарчук, ерікті:

- Жолды кеңейтуге байланысты мектеп алдындағы 90-нан астам шыршаны өзге жерге отырғыздық. Қалғандарын қалалық әкімдік алдындағы алаңқайға көшіреміз. Қазір дайындық жұмыстары жүргізілуде. Әрбір қазылып алынған көшеттің тамыры топырағымен бірге қапқа салынады. Сол күйінде жаңа орынға жеткізіліп, отырғызамыз.

Хабар 24 телеарнасы