386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да жалған есепшот жасаушылар ұсталды

  • 151
  • UPD: 23:14, 08.08.2019
СҚО-да жалған есепшот жасаушылар ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 7 жылдан астам уақыт бойы жалған есепшот жасап келген ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері күдіктілерді жедел іздестіру шарасы кезінде қолға түсірген. Жақында мамандар дәл осындай жолмен пайда тауып келген тағы бір топтың ісін әшкереледі. Олардың мемлекетке келтірген шығыны – 228 млн теңге.

Қуат Ізбанов, СҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы:

– Қылмыстық топ бес адамнан құралған. Сол қазіргі уақытта қылмыстық іс соттың қарауында. Екі тұлға қамауда. Егер де олардың кінәсі расталса, олар он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы