386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі балабақшаларда құммен сурет салу үйірмесі ашылады

  • 103
  • UPD: 22:57, 14.08.2019

Педагог-психолог Айжан Жаркешованың әдістемесіне негізделген бұл тәжірибе өз тиімділігін көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазірдің өзінде елордадағы 15 тәрбие ошағында құм терапиясы кеңінен қолданыла бастаған.

Әлинұр мен Айлин су әлеміне саяхат жасауда. Олар құмның көмегімен теңіздегі тіршілік иелерін бейнелейді. Бала қиялында шек жоқ.

Әлинұр Серік:

Мен балық, тасбақа. Осьминог салдым. Маған сурет салған ұнайды.

Мамандардың айтуынша, миллиондаған жыл бұрын пайда болған құмның сан түрі бар. Бүгінде кварцталған құм кең қолданыста. Мұндай терапияның орасан пайдасын зерттеп, зерделеген Айжан Жаркешова тың әдістеме әзірлеген. Қазір оның аясында елордадағы 15 балабақшада арнайы үйірме жұмыс істеп тұр. Педагог-психологтың ұсынған жобасы тиімділігін дәлелдеді. Бүгінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының қолдауына ие.

Айжан Жаркешова, құммен сурет салу үйірмесінің жетекшісі:

- Үш жыл балалармен жұмыс істеу арқылы балалармен қандай нәтижелерге жеткенімді, одан кейін арнайы тақырыптарды қолға алып, солардан туындайтын перспективті жоспар жасап, әрі қарай оны қорғауға шешім қабылдап, биыл әдістемелік құралды қорғап, бүкіл республикаға ұсынылды.

Үйірмеге үш жастан асқан балалар қабылданады. Сурет салу, музыка үйлестірілген ерекше терапия баланың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуға сеп. Бастысы, бүлдіршін күйзеліс пен қорқыныштан арылады.

Азиза Жақсыбай, құм терапиясы маманы:

- Балалардың саусақ моторикасын дамытады, ойлау қабілетін дамытады. Бұл жерге келген балалар құмға салу арқылы іштегі құпияларын жеткізе алады. Бұл балаларға уақыт беріледі. Яғни жас ерекшеліктеріне байланысты болады. Ортаңғы топтарға 20 минуттан, ересек топтарға 25-30 минуттан сабақ беруге болады.

Құмзарда ойнап отырған баланың қиялы ерек. Ертегідегі хан сарайын да салады. Бұл орайда құм терапиясының берері шексіз. Бүлдіршіндер кішкентай саусақтары майысып, арманға ерік берген.

Білікті мамандар өз тәжірибесін өңірлерге таратуға дайын. Қайта даярланған мамандарға арнайы сертификат та ұсынылады.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Нұрлан Оспанәлі

Хабар 24 телеарнасы