387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент жастары жаңа жобаны қолға алды

  • 423
  • UPD: 16:30, 18.08.2019

Шымкенттік жастар жаңа жобаны қолға алды. Олар шаһардағы білімі, жұмысы жоқ және арнайы тренингтерден өтпеген жастарды қоғамға бейімдейді.

Әлеуметтік жұмыстарға тартып, бағыт-бағдар көрсетеді. Осы мақсатта қалалық Жастар рессурстық орталығынан арнайы Аутрич, NEET жастармен жұмыс бөлімі ашылған болатын. Мұнда 20-дан аса маман жұмыс істейді.   

Ілияс Икрамов жуырда ғана жоғары оқу орнын үздік тәмамдаған жастың бірі. Биолог һәм эколог маман қазір өз саласы бойынша кәсіпке бет бұрған. Ол калифорниялық қызыл құртты жерсіндіріп одан пайда табуда. Ілияс Ғалымбетұлына бұл ойды университеттегі ұстазы айтқан. Бастапқыда 300 құртты асырап бастаған жас маман келе-келе оның саны 60 мыңға жеткізіпті. Калифорниялық қызыл құрт күнделікті тіршілікте кездесетін жауын құрттан қарағанда 16 жыл тіршілік ететін көрінеді. Ал жауын құрты бар жоғы 2-3 жыл ғана күн кешеді. Қазір ол әр қызыл құртты данасын 5 теңгеден шаруаларға сатады. Жуырда ол осы жобасын жас кәсіпкер ретінде қайтарымсыз грант алу үшін қорғап шыққан. Қаржы қолға тисе жылыжай салу ойында бар. Онда осы құрт пен бірге қызанақ пен қиярды қатар өсіруді ойластырып қойыпты.

Ілияс Икрамов, кәсіпкер:

- Бұл құрттардың саны өте жылдам көбейеді. Оны біз балық шаруашылығы мен айналысатындарға сатамын. Құс шаруашылығымен айналысатындарға сатуға болады. Ал экологиялық пайдасына келетін болсақ, өзіміздің ауладағы органикалық қалдықтарды құрттарға салу арқылы биогомус өндіреміз.

Ілия секілді «екі қолға бір күрек тапқан» жастар Аутрич жобасында жетерлік. Жастар орталығының мамандары қазір  жұмысы һәм  білімі жоқ және арнайы тренингтерге қатыспаған мұқтаж жастармен жұмыс жүргізудің бірнеше тәсілін қолға алған. Қазір қаладағы әр аудандық әкімдікте Аутрич бөлімінің қызметкерлері NEET жастар санатына жататындар мен жеке дара жұмыс жасауда. Тіпті олар  шалғай орналасқан мөлтек аудандарында, сауда және автокөлік жуу орындарында жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру үшін брошюралар таратады. Мақсат  жастарды қоғамға бейімдеу.

Нұрдәулет Тәңірберген, қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры:

- Өзі оқымайтын, өз-өзін дамытумен айналыспайтын жастарды мемлекеттік бағдарламамен таныстыру болып табылады. Енді базарда өз кәсібін бастағысы келіп жүргендер бар немесе кәсібін бастап оны ары қарай дамытуға қаржы таппай жүрген жастар бар соларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүрміз.

Сәуір айынан бастап қолға алынған Аутрич жобасына қызығушылығы артқан жас азаматтар саны бүгінде 2000 мыңнан асқан. Олардың мыңнан астамы түрлі үйірмелерге тартылып, олар үшін 200 іс-шара ұйымдастырылған.

Жандос Қалтаев, қалалық отбасы , балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы:

- Егер біз кабинетте отырып жастар бізге қашан келеді мына мемлекеттік бағдарламалармен қашан танысады деп отырсақ олар мүлдем келмеуі мүмкін. Түпкі мақсат қазіргі мынау мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдайды жастарға жеткізу және олардың ынтасын ашып қызығушылығын арттыру.

Аталған бағытта салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа баулу мақсатында NEET санатындағы жастарға кіші футболдан шахмат, тоғызқұмалақ ойындарынан турнирлер ұйымдастырылып, үздіктер ынталандыруда.

Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы