387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстікқазақстандық оқушылар «Айғаным» қонысына саяхат жасады

  • 157
Солтүстікқазақстандық оқушылар «Айғаным» қонысына саяхат жасады

Солтүстікқазақстандық оқушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында сырға толы Айыртау ауданына қарасты «Айғаным» қонысына экскурсия жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірегей кешен 18-19 ғасырлардан сыр шертеді. Мұнда саналы ғұмыр кешіп, артына өшпес мұра қалдырған қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың күнделікті өмірде қолданған заттары мен қолжазбалары сақтаулы тұр. Мұнымен қоса балалар қазақ әйелінің эталоны, Айғаным ханым жайлы да тың деректермен танысты. Ал аталған шараны өткізудегі басты мақсат – жастардың отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, бойларына патриоттық сезім ұялату.

Алтынай Ожақаева, оқушы:

– Мектепте оқыған нәрселерімізді өз көзімізбен көрдік. Және маған қызық болғаны Шоқан Уәлихановтың жазу үстелі. Қанша уақыт өтсе де, ол сақталып қалған. Және де ашылып, жабылады екен. Бәрін көріп шықтық. Жақсы әсер алдық. 

Құрметбек Бейсен, музей экскурсоводы:

– Жалпы «Айғаным» қонысы осында өзінің тамаша табиғатымен, сұлу көрінісімен ерекшеленеді. Келген туристер ең бірінші осының орналасқан жеріне назар аударады. Жалпы зер салып қарасаңыздар, орналасқан жері – тұрмыстық жағдайға қолайлы жер. Мал бағуға, тіпті егіншілікке. Жыл басынан бері осындай киелі жерге екі мыңнан астам адам келеді.

Хабар 24 телеарнасы