389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада республикалық дебат турнирінің финалдық ойындары басталды

  • 247
  • UPD: 18:45, 22.09.2019
Елордада республикалық дебат турнирінің финалдық ойындары басталды

Елордада Jastar alańy 2019 атты республикалық дебат турнирінің финалдық ойындары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыста сайыскерлер қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын ұсынатын болады. Мысалы бүгін бала тәрбиесі, жастар арасында ажырасудың көбеюі, тұлғалық даму мен экологиялық проблемалар төңірегіндегі тақырыптар қозғалды. Еуропалық форматта ұйымдастырылған турнирде қатысушылар тартысты американдық Парламент және Линкольн-Дуглас форматында жарысады. Яғни командалар жақтаушы және уәж айтушы болып екіге бөлінеді. Турнирдің жүлде қоры 4 миллион теңге. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігің қолдауымен ұйымдастырылған шара елімізде пікірталас алаңдарын қайта жандандыруға бағыттылған. Дебатқа 17 өңірден 120-дан астам адам іріктеліп алынған.

Дәулет Кәрібек, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы:

- Дебатшылардың арасында бірінші рет сайт жасалынады. Ол сайтттар арқылы әр дебатшының өзінің рейтингі болады. Облыстық, республикалық деңгейде жеткен жетістіктері жазылып тұрады. Сонымен қатар әрбір өткен ойындардың, оның ішінде облыстық ойындардың да, төрешілердің де рейтингтері жасалынатын болады.

Хабар 24 телеарнасы