389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда қазақстандық азамат қағып кеткен бала жазыла бастады

  • 161
  • UPD: 21:56, 07.10.2019
Оңтүстік Кореяда қазақстандық азамат қағып кеткен бала жазыла бастады

Қазақстандық азамат қағып кеткен баланың денсаулығы тұрақталған.

Сеулдегі «Хабар 24» тілшісінің хабарлауынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, алайда әлі ауруханада емделіп жатыр.

Еске сала кетсек, 16 қыркүйекте Чханвон қаласында Қазақстан азаматы көлікпен баланы қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Бұл жол апаты жергілікті тұрғындардың ашуын туғызған. Осыған байланысты Оңтүстік Кореяның әділет министрі Чо Гук заңсыз мигранттарға қарсы шара қабылдауды және олардың елдеріне өз еркімен оралу жүйесін өзгертуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы