384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер алу шарты жеңілдетілді

  • 239
  • UPD: 16:09, 23.10.2019
Таразда «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер алу шарты жеңілдетілді

Таразда «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер алу шарты тағы жеңілдетілді,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді бастапқы жарна төлеуге мүмкіндігі жоқ тұрғындар жарнаның 10 процентін несие ретінде рәсімдей алады. Бұл жобаға осы айдан бастап кезекте тұрған мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйым қызметкерлеріне қатысуға болады. Облыс орталығында қазір осындай 5 мың 800-дей адам тіркелген. Айта кету керек, 7-20-25 бағдарламасымен өңірде 190-ға жуық отбасы баспаналы болды. Облыста жоба қатысушыларын қолдау орталығы құрылып, 1 мың 500-ге жуық адамға кеңес берілген. Оның 560-ның төлем қабілеттілігі расталып отыр.

Ғазиз Ералиев, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы:

– Бастапқы жарнаны төлей алмайтын азаматтар егер кезек тізімінде тұрса, жергілікті бюджет есебінен 10 процентін несие ретінде қарастыруға болады. Ол 15 жылға беріледі. Және жылдық үстем ақысы 0,1 процент болады. Бұл деген үлкен жеңілдік.

Хабар 24 телеарнасы