425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында нан қымбаттамайды

  • 810
  • UPD: 23:39, 28.10.2019

Ақмола облысында егін бітік шықпаса да, нан бағасы көтерілмейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ас атасының құны шамамен 85 теңгеден саудаланады. Себебі, тұрақтандыру қоры 300 мың тонна бидай сатып алады. Мұны бүгін орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыс әкімі Ермек Маржықпаев айтты. Биыл аймақтағы егістік алқабының әр гектарынан 11 жарым центнерден өнім алынды. Бұл көрсеткіш бұрынғыға қарағанда төмен. Әкімнің айтуынша ауыл шаруашылығы саласындағы өсім тоғыз айда 6 жарым процентті құраған. Макинсктегі құс фабрикасын іске қосқалы құс етін өндіру 3 есе артты. Келесі жылы аталмыш мекемеден шығатын ет импорттың 30 процентін жабады деген болжам бар. Бұдан бөлек, бүгінде облыста 60 индустриалды жоба жүзеге асып жатыр. Оның он біріне шетелдіктертер инвестиция құйған. Есеп берген өңір басшысы кейбір проблемалық мәселелерге де тоқталды. Облыстың Атбасар, Астрахан, Аршалы, Зеренді, Ерейментау аудандарында жолдар тозған. Бірақ, жөнеделеді. Аталған өлкелерге қомақты қаражат бөлінген.

Ермек Маржықпаев, Ақмола облысының әкімі:

– Биыл біз 1800 метр жолды жөндеуге 1,5 миллиард теңге бөлдік. Ерейментау ауданына 300 миллион теңге бағытталды. Бұдан бөлек аудандардағы қоқыстар тазартылып жатыр. Әлеуметтік инфрақұрылымдар жаңартылуда. Зерендінің де жолын жөндеуге 300 миллион теңгедей ақша бағытталды. Ол жақта қазір туристік әлеуетті дамыту өзекті болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы