384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық құтқарушылар қысқа дайындығын пысықтады

  • 287
  • UPD: 21:18, 05.11.2019

Қаланы да, даланы да қыспаққа алған қыстың әлегіне құтқарушыларымыз қаншалықты дайын? Елордада тұрғын жайда өрт болып, бірнеше адам құтқарылды. Дегенмен, зардап шеккен ешкім жоқ. Қызыл от неден тұтанды? Соған келейік.

Қарағанды тас жолының бойындағы көп қабатты үйде электр сымы тұйықталып қалған. Салдарынан баспана отқа оранды. Іште адамдар бар. 

Қорған Төреқожа, тілші:

- Өрт шыққан үйдің ішінде төрт адам қалды. Оның үшеуін кранмен құтқарып алды. Ал маған баспалдақпен түсуге мүмкіндік жоқ. Артымда қызыл жалын. Сондықтан алдымдағы батутқа секіремін. 

Іштегі адамдардың барлығы құтқарылды. Зардап шеккен ешкім жоқ. Себебі бұл «Қыс 2019» деп аталатын оқу-жаттығу жұмысы. Республикалық көлемде ұйымдастырылып отыр. Біліктілік байқалатын тактикалық шара кезінде үйдегі өртті сөндіруден бөлек жоғалған балықшы іздестірілді. Кинолог, төтенше жағдай өкілдері мен сарбаздар тізе қоса әрекет етіп, із-түссіз кеткен азаматты тапты. 

Бұдан бөлек оқу-жаттығу барысында жолда қалғандар құтқарылды. Жолаушылар жылы орынға жеткізіліп, ыстық тамақпен қамтылды. Жарылған жылу құбыры жөнделді. Не керек, бәрі жоспарлы түрде өрбіді. Бұл енді қысқа алдын ала қамдық қой. Ал шынайы жағдайда қалай болмақ? Сұрадық. Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы «суық мезгілге сақадай саймыз» деді.  

Марғұлан Аманбаев, қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы:

- Нұр-Сұлтан қаласында 1728 адам қазіргі таңда қызмет атқарып жатыр. Жанар-жағармай бәрі бізде бар. Демек, қысқа дайынбыз деп айта аласыздар? Біздің Нұр-Сұлтан қаласы әрине 100 пайыз дайынбыз деп айта аламыз. 

Былтырғы қыста елордалық төтенше жағдай мамандары қала маңында қар құрсауында, мұзда қалған 80-ге жуық құтқарып қалыпты. «Биыл тыныш болар» деп үміт еттік. Бірақ дайындық тоқтамайды. «Қыс 2019» аталатын оқу жаттығуы республика көлемінде өтіп жатыр. 

Авторлары: Қорған Төреқожа, Аят Дүйсенбаев

Хабар 24 телеарнасы