381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тәуелсіздік жылдары Түркістан облысында көп өзгеріс болды

  • 396
  • UPD: 08:33, 16.12.2019

28 жылдың ішінде өңір тарихында алтын әріппен жазылып қалатын талай игі істер атқарылып, жемісті жұмыстар жүзеге асты.

Тәуелсіздік жылдары Түркістан өңірінде іске асқан ең ірі жобалардың бірі – Көксарай су қоймасының салуынуы. Бұл жоба тікелей Елбасының қолдауымен жүзеге асты. Бұрын көктемде сырдың суы кемерінен тасып, елдімекендерді әбірге саласа, жаз айларында бау-бақша суғаратын су табылмай диқандардың еңбегі еш кететін еді. Сыйымдылығы 3 млн текше метр жоба жүзеге асқалы шаруалар судан таршылық көрмейтін болды. Көксарай Арыс пен Отырар аудандарының аумағында салынған. Қазір оның игілігін ел көріп отыр. 

Жаңабай Сатыпалды, Отырар ауданының тұрғыны, еңбек ардагері:

- Бұрындары әсіресе жаз айларында бізде жүгеріні суғаруға су жетпейтін. Енді Көксарайдың суға толтырылуына байланысты жаз кезінде егіншілікті сумен қамтамасыз етуге зор ықпалы тиіп отыр. Мұның рахатын ел көріп отыр. 

Елдің игілігіне айналған тағы бір жоба – Тәуелсіздік көпірі. Сырдария өзенінің үстіне салыған көпір Мақтаарал мен Жетісай аудандарын көршілес Өзбекстанмен тікелей байланыстырып жатыр. Бұрындары Жетісай мен Мақтаралға баратын ел айналма жолмен сағаттап жүріп, уақытын құртатын. 

Жамантай Бейсенбаев, Жетісай ауданының әкімі:

- Ол кезде кешкі сағат 6-8-де жауып қоятын, егер содан кешіксек біз Сарыағашта, Келесте басқа жерлерде жататын жағдайлар болды. Міне осыны Елбасы ескеріп, ең бірінші Тәуелсіздік көпірін салды. 

Қазір көрші өзбекстанмен арадағы байланыс та жақсы дамыған. Алыс-беріс те, барыс-келіс те жолға қойылған. Екі ел басшыларының ортақ келісімінің нәтижесінде қазір шекара ашық, достық қарым-қатынас нығая түскен. Екі елдің кәсіпкерлері кедергісіз алаңсыз сауда-саттық жасауда.

Сырым Ертаев, Қазығұрт ауданының тұрғыны, кәсіпкер:

- Біздің кәсібімізді ары қарай дамытуға, шекарадан тауарларды өткізге ешқандай  кедергілер жоқ. екі елдің келісім арқылы көптеген тауарларымыз айналып, былтырғы жылмен салыстырғанда биыл үш есеге асты десе болады. 

Сонымен қатар, өңірде бұрын біріктіріліп кеткен Мақтаарал мен Жетісай және Сарыағаш пен Келес аудандары өз алдына жеке шаңырақ көтеріп, төрт ауданға бөлінді. «Бұл да Тәуелсіздіктің жемісі» - дейді ақсақалдар.  

Мұстафа Сүлейменов, Сарыағаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Ауданымыз бөлініп, бұрынғы Келес деген тарихи атауы қайта келіп, өз алдына шаңырақ көтеріп, отауын тігіп, халықтың қуанышы қойнына сыймай қуанып жатқан жайы бар.  Мұның барлығы осы 27 жылдағы Тәуелсіздіктің үлкен жемісі.

Тәуелсіздіктің әрбір жылы, Түркістан облысы үшін жетістікке толы. Мәселен 90-шы жылдардың басында өңір халқының саны 1 млн 800 мың болса, бүгінгі таңда Шымкент қаласының тұрғындарын қоса есептегенде 3 млн асады. Жалпы еліміз бен тұтас түркі жұрты үшін Тәуелсіздіктің ең үлкен жемісі - Түркістан облысы құрылып, киелі шаһардың облыс орталығы атануы.  

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш, Самат Нағашыбекұлы

Хабар 24 телеарнасы