377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоғамдық орындарда темекі шеккен 4000-нан астам азаматқа айыппұл салынды

  • 222
  • UPD: 10:59, 20.12.2019
Қоғамдық орындарда темекі шеккен 4000-нан астам азаматқа айыппұл салынды

Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 54 043 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Оның ішінде жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін 4039 адам жауапкершілікке тартылды.

«18 желтоқсанда көлік полицейлері «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызында, яғни жекелеген қоғамдық орындарда темекі шеккен екі ер адамды ұстады. Тексеру барысында құқықбұзушылардың 1990 және 1992 жылы туылған Алматы қаласы мен Қостанай қаласының тұрғындары екені анықталды», - делінген Көліктегі полиция департаментінің хабарламасында.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 441-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып (жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзу), әрқайсысына 7575 теңге көлемінде 3 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Ақпарат көзі: Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы