378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы ұшақ апатының оқиға тізбегі қалыпқа келтіріледі

  • 187
  • UPD: 12:45, 28.12.2019

Алматыдағы әуе апатына әкеп соқтырған оқиғаның хронологиясы қалпына келтіріледі. Ішкі істер министрлігі қайғылы рейстің себебін анықтап жатыр.

Ең әуелі авиациялық қызметтер мен мамандардың жауабы тексеріледі. Әуе кемесінен өздігінен жазғыш құралдар мен борт журнал алынды. Бұл іске халықаралық авиация комитеті мен ұшақты дайындаушы зауыттың өкілдері де қатысуы тиіс.

Еске салайық, кеше мемлекет басшысы Алматы облысы Гүлдала ауылының аумағында болған апатқа байланысты қылмыстық іс қозғап, мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырған болатын.

Осыған байланысты Ішкі істер министрі «оқиғаның себептері сапалы әрі объективті түрде тексеріледі. Барлық құжаттар, аудио- және бейнежазбалар зерттеледі. Ал әуе кемесінің жай-күйіне сараптама тағайындалды» деп жауап берді.

Хабар 24 телеарнасы