376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да әлеуметтік қызметтер порталы енгізіледі

  • 130
БҚО-да әлеуметтік қызметтер порталы енгізіледі

Батыс Қазақстан облысында былтыр мүгедектігі бар адамдарға төленетін барлық жәрдемақыға республикалық бюджеттен 314 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 9,4 % артық көрсеткіш. Осы жылдан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмек төлеудегі жаңа тәсілдер және әлеуметтік қызметтер порталы енгізілгені мәлім. Қазіргі таңда аймақта 24 мыңнан аса мүгедектігі бар адам тұрады. Соның 2 743-і – балалар. «Олардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін талапқа сай арнайы техникалық құралдар мен қызметтер қажет болады. Бұл бірінші кезекте кресло-арбалар, протездік-ортопедиялық және гигиеналық құралдар, тифло және сурдоқұралдар, ымдау тіл мамандарының және шипажайдағы емдеу қызметтері», - дейді сала басшылары.

Алтай Құлқаев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

- Мемлекет тарапынан барлық әлеуметтік міндеттемелер толығымен орындалып, мемлекеттік қолдауға бөлінетін қаржының көлемі үнемі өсіп отыр. 2019 жылы 1 миллиард көлемінде қаражат қаралған болса, 2020 жылы 1,4 миллиард қаралып отыр. Осыған байланысты әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің сапасын арттыру және қолжетімділігі жақсарту, бюджет қаржысының тиімділігін жақсарту мақсатында әлеуметтік қымзеттер порталын енгізгелі отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы