376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұтынушылардың шағымдарына арналған бірыңғай ақпараттық жүйе құру ұсынылды

  • 48
  • UPD: 11:22, 15.01.2020
Тұтынушылардың шағымдарына арналған бірыңғай ақпараттық жүйе құру ұсынылды

Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрылмақ. Бұл туралы Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов Мәжілісінің жалпы отырысында мәлімдеді.

3 кодекске және 4 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

«Заң жобасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша азаматтық қоғам институттарын тұтынушылық дауларды сотқа дейін қарау мәселелеріне тартуға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган рөлін күшейтуге, оның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес құруға, ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды енгізуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында шағымдарды қабылдаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құруға бағытталған», - деді Нұртай Сабильянов.

Аталған заң жобасы бойынша қорытынды 2020 жылдың 9 желтоқсанына дейін әзірленеді.

Хабар 24 телеарнасы