447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалықтар «Крещение» мейрамында арнайы қарастырылған үш жерде шомыла алады

  • 169
  • UPD: 18:06, 15.01.2020
Елордалықтар «Крещение» мейрамында арнайы қарастырылған үш жерде шомыла алады

Елорда тұрғындары биыл «Крещение» мейрамында қаладағы арнайы қарастырылған үш жерде шомыла алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір суға түсетін орындар арнайы дайындалып жатыр. Тереңдігі бір жарым метрге жуықтайтын ойықтар қоршалып, келушілердің түсіп-шығуына ыңғайлы болуы үшін сатылар орнатылады. Суға жиналатындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сақтық шаралары күшейтіледі. 18-інен 19-ына қараған түні өтетін шарада 60-қа жуық құтқарушы кезекшілік етеді. Сондай-ақ құтқару техникалары да сақадай-сай тұрады.  Мамандар ауыр салмақ түссе, мұздың морт сынып кетуі ғажап еместігін айтады. Сондықтан құтқарушылар келушілерді сақ болуға шақырады.

Эльдор Райымбеков, қалалық ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері:

– Ол орындар жергілікті әкімшілік пен полиция және төтенше жағдайлар қызметкерлерімен қауіпсіздік саласы бойынша қарастырылып, ұсыныстар берілді. Ол жердегі суға түсетін орындарда ең бастысы келушілерге қауіпсіздік ережесін сақтауын сұраймыз. Балаларды әкелсеңіз, қолдан жібермеуін өтінеміз, ішімдік ішуге, жүрек ауруы, қысымы бар адамдарға суға шомылуға тыйым салынады.

Хабар 24 телеарнасы