427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әл-Фараби – шығыстың көрнекті ойшылы

  • 810
Әл-Фараби – шығыстың көрнекті ойшылы

Петропавлда «Әл-Фараби – шығыстың көрнекті ойшылы» атты көрме ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәдени-танымдық шара ұлы ойшылдың 1150 жылдығана арналған. Сәбит Мұқанов атындағы кітапханада жұртшылық назарына ғалымның еңбектерімен қатар ол туралы жазған жазушылардың кітаптары қойылған. Олардың арасында былтыр ғана жарыққа шыққан 7 томдық «Фараби» шығармалар жинағы бар. Кейбір туындылар әлемнің бірнеше тіліне аударылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара – өскелең ұрпақтың ілім-білімге деген құштарлығын оятуға мүмкіндік береді.

Майра Әшімова, Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім басшысы:

– Оның әлі ашылмаған қырлары көп. Ол зерттеліп жатыр. Еңбектері түгел табылған жоқ. Сондықтан ол әлі де зерттеуді қажет етеді.

Хабар 24 телеарнасы