412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлықтар онкологиялық тері ауруына қажет препараттың тапшылығына шағымданып отыр

  • 309
Қостанайлықтар онкологиялық тері ауруына қажет препараттың тапшылығына шағымданып отыр

Қостанайда онкологиялық тері ауруы асқынып кетпес үшін аса қажет «Тафинлар» препататының тапшылығы байқалып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біздің телеарнаға хабарласқан Тобыл өңірі тұрғындары осылай деп шағымданды. Лариса Жұматаевадан екі жыл бұрын меланома деген қатерлі тері ісігі анықталған. Қазір табаным қақсап, жүруім қиын дейді. Ісік денеге тарап кетпеуі үшін «Тафинлар» деген дәріні тұрақты қабылдауы қажет.Ал онкологиялық ауруханада ондай препарат қазір жоқ екендігін айтыпты.  

Лариса Жұматаева, қала тұрғыны:

– 27 қаңтарда анализ тапсырдық. Сол күні 10 күнге препарат берді. Ал кеше барсақ, жоқ дейді. Препарат қолданысында үзіліс пайда болса, зардабы зор. Метастаза өріс алып, ісік ұлғая түседі.

Бұл жағдай туралы біздің тілшілер Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшыларынан сұрастырып білді. Олардың айтуынша, құжат байынша «Тафинлар» препатратына ешқандай тапшылық жоқ.  

Гүлнәр Оспанова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

– Бұл препарат белгіленген кесте бойынша бізге ақпан айында келіп түседі. Менің білуімше, бүгін Қостанайға жеткізілуі тиіс. Аз-кем зәрулік туындауының себебі, қыркүйек айында 3 сырқатқа тапсырыс берілген. Ал қазір олардың саны бесеуге жетті. Сондықтан қаңтар айына қосымша бұл дәріге тапсырыс беріп, бірегей дистрибьютерге жолдадық. Соншалықты мәселе тудыратындай жағдай жоқ. Бүгін препарат жеткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы