427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысы үшін биылғы көктем аса қауіпті болуы мүмкін

  • 438
  • UPD: 11:25, 17.02.2020
Ақмола облысы үшін биылғы көктем аса қауіпті болуы мүмкін

Ақмола облысы үшін биылғы көктем аса қауіпті болуы мүмкін. Аймақтағы құзырлы органдар осындай болжам жасап отыр. Өйткені қардың қалыңдығы өткен жылдармен салыстырғанда 2–2,5 жарым есеге көп.

Ал ең қатерлі аймақтар Атбасар, Целиноград, Аршалы және Ерейментау аудандары. Сондықтан өңірде тасқынның алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтсақ, қазір аудан, ауылдарда ақ ұлпа сыртқа шығарылып, өте қауіпті деген аумақтар анықталып жатыр. Ал өткен күзде су жүретін арықтар тереңдетіліп, 5 шақырым қашықтықта өзендердің арнасы тазаланған болатын.

Айта кетейік, ақпан айының соңында Атбасар ауданында «Көктем-2020» оқу-жаттығу шарасы өткізіліп, күштік құрылымның дайындығы пысықталады. Жалпы биылғы тасқын судың алдын алуға облыстық бюджеттен 1 млрд теңгеден аса қаржы қарастырылып отыр.

Алексей Советов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:

- Биылғы тасқынның алдын алу шараларына 2 мыңнан астам адам мен 500-ден аса техника атсалысады. Оның ішінде құтқарушылар, полицейлер және жергілікті әкімдіктердің өкілдері бар. Ал қосымша күш қажет болып жатса оңтүстік өңірлерден әріптестерімізді шақыртамыз.

Хабар 24 телеарнасы