429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің шығысында малдан шыққан бруцеллезге байланысты карантин жарияланды

  • 673
  • UPD: 23:52, 27.02.2020

Шығыс Қазақстан облысын бруцеллез дерті дендеп тұр. Бұл ауру аймақтағы 20-ға жуық ауылдан анықталған. Бұл тек төрт түліктің арқасында күнелтіп отырған тұрғындарды тығырыққа тіреді. Мемлекеттің қолдауымен несие алып, мал басын көбейтпек болғандардың алды банкротқа ұшыраған.  

Соңғы 3 жылда тек Күршім ауданының өзінде осы ауруға шалдыққан бірнеше мың бас мал жойылды. 

Қалжыр аулының халқы ежелден төрт түлікпен күнелітіп келеді. Бірақ соңғы 5 жылда мал мен жаннан маза кетті.  Бруцелез дерті дендеген соң тұрғындар  әуелі ұсақ малды құртуға мәжбүр болды. Қазір кейбір отбасыларда  оншақты ұсақ пен  бірнеше   ірі қара ғана қалған. 

Ермырза Есімжанов, Қалжыр ауылының тұрғыны:

- Бұрын 26-27 ірі қарам болған, қалғаны мынау. Былтыр бруцеллез деді. Сөйтіп құртты, түгел. Ары қарай көбейте алмаймыз. Қорқамыз тағы бруцеллез деп шығарады. Сол үшін сатып жібереміз. Тез құтылуға тырысамыз. 

Ал Әнуарбек Байшолақов бірнеше жыл бұрын ұсақ мал басын өсіруге кіріседі. Арнайы бағдарлама бойынша  несиемен 100 саулық сатып алады. Алайда індеттің кесірінен жоспары жүзеге аспады. 

Әнуарбек Байшолақов, Қалжыр ауылының тұрғыны:

- Сол 100 басты бір жыл төлдетіп өсірдім, 200-ге жеткіздім. Сол екі жүзден қазір екі бас қалмай қалды. Түгел бруцеллезге кетті. Таяғымды ұстап қалдым. Қазір қорамды барып тексерсеңіздер, менде тышқақ лақ жоқ.

Ал Асқар Мусинде қазір ұсақ мал мүлде жоқ. Төрт-бес  жыл бұрын жетпіске жуық қой-ешкісінен бруцеллез дерді анықталған соң ет комбинатына өткізген. Шаруа талай жылғы еңбегінің су тегінге кеткеніне кейиді. 

Асқар Мусин, Қалжыр ауылының тұрғыны:

- Мен осынша мал өткіздім десем, содан есептеп бергенде менің бір бас қойым 68 теңгеден өтіпті. 

Ауыл тұрғындарының айтуынша, мемлекеттен  кеселге қарсы біріңғай  вакцина  жасалмағандықтан дер дендеп кеткен. Бірақ   қазір  заң бойынша  малына екпе  жасатуға шаруаның өзі жауапты. 

Ертай Батхолдин, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

- Мемлекет қаржы  бөлмейді. Ол тек қана оң нәтиже берген бруцелезлі уақытнда жою мәселесі. Содан кейін ошақтың маңын тек қана залалсыздандыру толығымен. Ал енді егу егу мәселесіне көп қаржы керек. Ондай қаражат мемлекет тарапынан қарастырылмаған, сарып аурына қарсы. Оны тек мал иесі ғана жасайды.

Ветеринарлардың мәліметі бойынша былтыр  шығыста 17 мыңнан астам мал бруцеллезге шалдыққан. Бүгінде аймақта 16 ауылдық округтің малы карантинде тұр. Дерт одан ары дендемес үшін сапалы вакцина егу, малдың тасымалын бақылау,  ауру ошағын залалсыздандыру жұмыстары  қатар жүргізілуі тиіс.

Авторлары: Олжас Керейхан, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы