435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда қаңғыбас ит-мысықты жаңа әдіспен зарарсыздандырып жатыр

  • 123
  • UPD: 14:21, 29.02.2020

Батыс Қазақстан облысында қаңғыбас ит пен мысықтарды зарарсыздандыру жұмыстары жаңа тәсілмен жүзеге аса бастады. Былтыр өңірде иесіз үй жануарларын аулау мен жою тәртібіне өзгерістер енгізілген еді. Яғни егер бұрын ұсталған ит пен мысық арнайы питомниктерде 3 күн бойы ұсталып, иесі келмеген жағдайда көзі жойылатын. Айта кетерлігі, бұл тәжірибе өңірде әзірге республика бойынша алғаш рет жүзеге асып отыр.

Бұл өңірдегі іргелі жоғарғы оқу орнының жанынан ашылған ғылыми-өндірістік орталығы. Жаңа кешен жануарларға ем-дом шараларын жасау құқығын иеленген. Мұнда магистранттар мен ветеринар мамандығына оқып жатқан студенттер машықтан өтіп, біліктіліктерін шыңдай алады. Орталықтың басты қызметінің бірі бұралқы ит пен мысықтарға стерилизация жасап, зарарсыздандыру шараларын іске асыру.  

Бекжасар Сидихов, ғылыми-өндірістік оқу орталығының меңгерушісі:

- Стериализация жасағаннан кейін оларды дегельментизация жасаймыз. Ол деген оларды әртүрлі инвазиялық аурулардан, паразитарлық аурулардан арылту. Сол ем-домдарын қолданып алдын-ала профилактика жасап, содан кейін әр түрлі инфекциялық ауруларға тексеріп, вакцина егеміз. Бешенство, аденовирустар бар, әртүрлі инфекциялық аурулар бар, чума бар, сол сияқты ауруларға қарсы егеміз.  

Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда тек облыс орталығының өзінде 5 мыңдай бұралқы ит пен мысық бар. Жаңа ережеге сай соңғы 5 айда 115 қаңғыбас ит ауланып, соның басым бөлігі зарарсыздандырылған. Осындай клиникаларда тексеруден өткен жануарлар арнайы базаға енгізіледі. Кейін әрқайсысына чип салынып, бұрынғы жүрген жерлеріне жіберіледі.  

Серік  Нұрмағамбетов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

- Мынау ізгілік ғой енді гуманное обращение. Сол бағытта ізгілендіру бағытында ережеде көрсеттік, итті не болса піштіреміз не болмаса биозалалсыздандырамыз. Осы бағытта облыс бойынша бізге 60 миллион теңге бөлінеді. Соның 28 миллионға жақыны бізге  бөлініп отыр қалаға.  Бұл тоқтап қалатын жұмыс емес.  Біз бұл қағиданы жаап жатырғанда бүкіл дүние жүзіндегі мемлекеттерді алып қарадық салыстырып. Соның жаңағы еуропаның жартысында, канадада, түркияда осылай жасайды. Осы бағытқа біз де тоқталып отырмыз әзірге. 

Аманжол Алпысбаев,  облыс әкімінің орынбасары:

- Қазіргі жаңалық – ол мысалы бір итті стрелизация жасау еркек 5,5 мың теңге, ал ұрғашы 11 мың теңге. Кейбір семялар болады мүмкіндігі жоқ. Бірақ жеке үйлерде тұрады. Сол кісілерге көмек болуы үшін осы сессияда қаражат бөлінеді  бюджеттен, минимум 50 пайызын субсидия жасап сонда еркек ит болса 2,5 мың теңгесін, ал ұрғашы ит болса 5-6 мың теңгесін үкімет төлейді.  

Сонымен ендігі жерде ұсталған ит пен мысық атаулы бұрынғыдай жойылмайтын болды.  Өңір билігі осындай жолмен алдағы 5 жылда қаңғыбас иттер мәселесін түпкілікті шешеміз деп сендіріп  отыр.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы