448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда COVID-19 дертін жұқтырғандар саны күрт өсті

  • 139
  • UPD: 09:53, 16.03.2020
Италияда COVID-19 дертін жұқтырғандар саны күрт өсті

Коронавирус ушығып тұрған Италияда дерт жұқтыру деректері тағы да күрт өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір тәулік ішінде 3590 адам ауруға шалдыққан. Осылайша, Италиядағы науқастардың жалпы саны 24747-ге жетіп отыр. Бұған қоса, 368 адам дерттен көз жұмған. Сөйтіп, бұл елде коронавирустан қайтыс болғандар саны 1809-ға жетті.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Италияда коронавирусқа байланысты барлық қоғамдық орын жабылған. Спорттық және мәдени іс-шаралар өткізуге де тыйым салынды. Бүкіл ел карантинде.

Хабар 24 телеарнасы