435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Омбының әуежайындағы Қазақстанның 26 азаматы елге оралады

  • 88
  • UPD: 23:39, 19.03.2020
Омбының әуежайындағы Қазақстанның 26 азаматы елге оралады

Вьетнамнан Қазақстанға Омбы қаласы арқылы транзитпен ұшқан 26 азамат елге оралады. Олар Нұр-Сұлтан, Павлодар және Петропавл қаласының тұрғындары.

Бүгінгі күні 8 жолаушы өз қаражатына билет алып, ертең жол жүреді деп жоспарланып отыр. Қалған азаматтар Ресейдегі консулдық көмегімен Қазақстан шекарасына дейін жеткізіледі. 

Жанар Колбачаева, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігі жанындағы шұғыл штаб қызметкері:

- Бұл мәселе кешелі бері біздің консулдықтың бақылауында. РФ-ның Сыртқы істер министрлігіне бірнеше мәрте хат жаздық. Жолаушылар Омбы әуежайындағы транзиттік аумақтан Қазақстан шекарасына дейін жеткізіледі деген сенім бар. Айта кеткен жөн, мұндай проблема тек Қазақстанда емес, әлемнің әр бұрышында қайталануда. Ешбір азамат елеусіз қалмайды.

Хабар 24 телеарнасы