399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Біз біргеміз: әншілер мен спортшылар еріктілер қатарына қосылды

  • 341
  • UPD: 00:24, 07.04.2020

Отандық эстрада жұлдыздары мен жергілікті спортшылар да төтенше жағдай тәртібі кезінде қолдан келген көмегін беруге әзір, деп хабарлайды «Хабар 24»

Олардың қатарында әнші әрі боксшы Ибрагим Ескендір мен қол күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Тимур Спатаев та бар. Бес дүркін рекордшы әрі запастағы капитанның айтуынша, карантин тәртібін сақтауға немқұрайды қарауға  болмайды. Ал таяуда ғана жарық көрген бейнеклипінде «Біз біргеміз» деп ән шырқап, халықты ауызбіршілік пен сабырлыққа шақырған Ибрагим Ескендір мұқтаж жандарды іс жүзінде қолдауға дайын екенін білдірді. Ол өнер мен спорттағы достарымен бірге бүгін еріктілер қатарына қосылды. Алда әскери және волонтерлық шараларға белсене атсалыспақ.

Ибрагим Ескендір, әнші-боксшы:

– Арғымақ сені сақтадым, қос құлағың електеп, азамат сені сақтадым, бір күніме керек деп. Сол айтқан бабалардың бір күні бүгін елімізге туып жатыр. Сондықтан осынау бір қиын қыстау сәтте қаншама біздің дәрігерлеріміз күні-түні елге қызмет етіп жатыр. Сол кісілердің еңбегін көргенде жүрегіміз ауырады, жанымыз ашиды. Тілектес боламыз.

Тимур Спатаев, қол күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

– Дала сыпыру керек пе, халқым үшін дезинфекция жасау керек па, жоқ, автомат асынып блокпосттарға бару керек па, сол шара бойынша біз әркез дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы