427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент аумағында қатты жауын-шашын салдарынан үй аулаларын су басты

  • 488
  • UPD: 09:39, 14.05.2020
Шымкент аумағында қатты жауын-шашын салдарынан үй аулаларын су басты

13 мамыр күні сағат 19:14-те Еңбекші ауданы, Елтай елді мекеніне қатты жауын-шашын салдарынан Түркістан облысы Төлеби ауданынан секундына 3-5 текше метр су келгені туралы хабарлама келіп түскен.

Үйлердің аулаларын су басып, судың деңгейі 20-50 см құрады. Көп мөлшерде келген судан арық жүйесі істен шығып, 60 тұрғын үйдің ауласын су басты және 3 шаруашылық құрылысы қирады.

Апаттық құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 57 қызметкері, 14 техника мен МП-100 маркалы 14 мотопомпа жұмылдырылды.  ТЖД күштері суды шығару жұмыстарын жүргізді, жергілікті атқарушы органдарының коммуналдық қызметтері арықтардың механикалық тазалауы жүргізілді.  

Эвакуациялық пункттерге жеткізу үшін шұғыл түрде  қоғамдық көліктер ұйымдастырылды. ТЖ департаментінің мобильді тобы дабыл арқылы Елтай елді мекенінің тұрғындарын эвакуация туралы құлақтандыруы жүргізілді.  Су басқан 60 үйден адамдарды көшіру ұйымдастырылды. Маятас тұрғын алабында орналасқан №119 мектептің негізінде құрылған №41 эвакуациялық жиналу пунктіне 150 адам көшірілді, 150 адам өздеріннің туыстарының үйіне орналасты. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қосымша 4 эвакуациялық-жиналу пункті дайындыққа келтірілді. Жалпы 7000 текше метр су шығарылды.

14 мамыр күні сағат 01:14-те  Еңбекші ауданы, Откорм.совхоз Гаухар тас көшесінде қатты жауын-шашын салдарынан Бадам өзенінің тасуы орын алды. Жағалаудың бұзылуы салдарынан 2 тұрғын үйдің құлауына қауіп төнді (үйлерге дейін арақашықтық 7-8 метр). ТЖД күштерімен қауіп төніп тұрған үйлерден 31 тұрғын Бадам-1 елді мекеніндегі №84 орта мектебінің негізінде құрылған эвакуациялық жиналу пунктіне көшірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Төтенше жағдай салдарын жоюға ТЖ департаментінің 16 қызметкері және 5 техникасы жұмылдырылды.

Сонымен қатар 112 кезекшілік қызметіне азаматтардан үйлердің аулаларын су басқаны туралы 23 қонырау түсті, барлығына шұғыл түрде қызметкерлер шығып, суды шығару жұмыстарын жүргізді. Жалпы 973 текше метр су шығарылды. Жеке құрамнан 97 адам, 23 техника жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы