412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда балаларға арналған сән апталығы өтті

  • 141
  • UPD: 23:42, 01.06.2020

Алматыда 3D форматтағы EURASIAN KIDS сән апталығы өтті. Қашықтан ұйымдастырылған шарада отандық дизайнерлердің «көктем-жаз» маусымына арналған киім үлгілері ұсынылды.

Сән апталығында 3 пен 16 жас аралығындағы модельдер бой көрсетті. Айта кетерлігі, биылғы шараға мүмкіндігі шектеулі өрендер де қатысқан. Протезбен жүретін балалардың айтарлықтай жетістігі бар. Тіпті бірі еуропалық сән жобаларына қатысып жүр. Жоба авторы Ләззат Мамедова «әр баланың арманы орындалуы керек» дейді.  Жалпы бұған дейін EURASIAN KIDS FASHION WEEK-ке отандық және бірқатар шетелдік дизайнер ат салысатын. Биылғы карантиндік шектеулер, осылайша маңызды шараның форматына өзгеріс енгізді.

Ләззат Мамедова, жоба авторы:

- Біздің жобаға қатысқан балалардың қуанышында шек жоқ. Бала арманы орындалуы қажет. Біздің қолдауымызбен осындай мүмкін туып жатқанына марқаямын. Жобаға қатысқан әр баланың сән әлемінде орыны болады.

Хабар 24 телеарнасы