419,78 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мақтааралда салынып жатқан үйлердің төбесін жабу басталды

  • 635
  • UPD: 22:23, 05.06.2020
Мақтааралда салынып жатқан үйлердің төбесін жабу басталды

Су басқан ауылдардың жаңа мекенінде 200-ге жуық үйдің іргетасы құйылып, 80-інің қабырғасы көтерілді. Екі үйдің сырты сыланып, шатыры жабылып жатыр, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халық қалаулылары және Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге Мақтаарал ауданы Мырзакент маңында бой көтеріп жатқан жаңа мөлтек аудандағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

Айта кетейік, бүгінде мұнда 383 үй салынып жатыр. Оның 193-і үкіметтік резервтің қаржысына, 190-ы қорлардың есебінен салынуда. Соның ішіндегі 20 үй «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» қорының қолдауымен салынады. Сонымен қатар жаңа ауданда су астында қалған ауылдардың мүлдем баспанасы жоқ 28 отбасы үшін үй салынады. Олар осы уақытқа дейін монша, балабақша мен апатты жағдайдағы жатақхананы паналап келген.

Құрылыс жұмыстары екі кезеңде жүргізілуде. Үй салуға қажетті техника мен құрылыс материалдарынан тапшылық жоқ. Өмірзақ Шөкеев су басқан егістік алқаптардың бүгінгі жайын тексерді. Соңғы мәліметтер бойынша су жалпы ауданы 5,8 мың гектар ауыл шаруашылығы алқабына зақым келтірген. Оның 85 пайызы мақта алқабы. Бүгінде 2,3 мың гектарға, яғни 40 пайыз алқапқа мақта егілді. Калғанына бақша дақылдары, күріш, жүгері өсіріледі. Мүлдем жарамсыз күйге түскен егістік иелеріне өтемақы төленеді.

Хабар 24 телеарнасы