424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде оқдәрі сақтайтын 2 қойма салынады

  • 719
  • UPD: 19:11, 08.06.2020
Елімізде оқдәрі сақтайтын 2 қойма салынады

 

Биыл елімізде оқдәрі сақтауға арналған екі қойма салынады.

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев мәлімдеді. Ол: «Қазақстандағы кей қоймаларда оқдәрі мөлшері шамадан көп» – дейді. Заманауи үлгіде бой көтеретін жаңа нысандар сол жүктемені азайтады дейді. 

Құрылыс жұмыстары жақын арада басталады. Қазір қажет құжаттар дайындалып жатыр. Оқдәрі сақтайтын қоймалар Ақтөбе мен Қарағанды облыстарында салынады.

Бақыт Құрманбаев, ҚР қорғаныс министрінің орынбасары:

– Бір жағынан экология. Екіншіден, ол жерде бос территория бар. Ол жерде темір жолмен жеткізу жүйесі жақсы орналасқан. Одан кейін адамдарға жұмыс керек. Сол факторлар бойынша нағыз оқдәрілер қоймасы салынатын жер.

Еске салайық, былтыр 24 маусымда Арыстағы оқдәрі сақтайтын қоймада жойқын жарылыс болды. Ол жерде шамамен 1 миллиард 200 мың дана оқдәрі болған. Жарылыс аумағы 500 гектардан асты. Бүгінге дейін қала мен қоймаға жақын елді мекендер үш қайтара тексерілді. Сөйтіп 380 мыңға жуық оқдәрі фрагменті табылды. Саперлік іздеу тобы  әлі де жұмысын жалғастырады. Халықтың қауіпсіздігі үшін осы  Арыстағы қоймадан ірі калибрлі 20 мың, ал еліміздің басқа өңірлеріндегі қоймалардан 750 мың тонна оқдәрі шығарылды.

 

 

Хабар 24 телеарнасы