429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы мектепте жөндеу жұмыстары басталды

  • 462
  • UPD: 08:04, 14.06.2020
Алматы облысындағы мектепте жөндеу жұмыстары басталды

 

Алматы облысының Қапшағай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 мектепті күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мақсатқа 223 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасына сәйкес, мұнда 30-дан астам жергілікті тұрғын жұмысқа қабылданды. Сондай-ақ, Қапшағайда қазір Шоқан Уәлиханов атындағы № 2 гимназия мен №3 орта мектептің ауласы абаттандырылып жатыр. Бұл жұмыстарға 40 шақты жергілікті тұрғын тартылды. Тапсырыс беруші мен мердігерлердің арасында жасалған келісім бойынша жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылы басталғанша аяқталуы тиіс.

Ержан Несіпбеков, мердігер компания өкілі:

 – Демонтаж жұмыстары 99 пайызға аяқталды. Ескірген еденді алып тастап, жерді нығыздап жатырмыз. Мұнда жаңа коммерциялық еден төселеді. Әрлеу жұмыстарына жақында кірісеміз. Кестеден қалыс қалу жоқ. Сондықтан нысан уақытында тапсырылады деп сеніммен айта аламын.

Нұрлан Құматаев, Қапшағай қаласының әкімі:

 – Енді біздің Қапшағай қаласы бойынша бүгінгі таңда «Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша 18 жоба жұмыс істеп жатыр. Бұған 1 млрд 780 млн теңге бөлінді. Біз 143 адамды жұмыспен қамтуымыз керек. Бүгінгі таңда Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 110 адамды жұмысқа орналастырдық.

 

 

Хабар 24 телеарнасы