418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирусқа қарамастан агроөнеркәсіп тұрақты дамып келеді

  • 242
  • UPD: 16:27, 16.06.2020
Коронавирусқа қарамастан агроөнеркәсіп тұрақты дамып келеді

Коронавирусқа қарамастан агроөнеркәсіп тұрақты дамып келеді, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.

«Коронавирус індеті салдарынан туындаған дағдарысқа қарамастан биыл АӨК саласындағы жағдай тұрақты. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,2%, азық-түлік өндірісі 2,4% өсті. Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 10,1% артып, 98,4 млрд теңгені құрады», - деді есеп беру кездесуінде ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.

Мал шаруашылығында жалпы өнім 2,3% артты. Өндірістің ұлғаюы ет өндірісінің 3,6%, сүттің 3,2 өсуіне байланысты болды.

2020 жылғы көктемгі дала жұмыстарын уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданды және бүгінде егіс жұмыстары аяқталуға жақын.

Хабар 24 телеарнасы