424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде амбулаториялық қызметтер бір жылда 6% қымбаттады

  • 333
  • UPD: 09:55, 29.06.2020
Елімізде амбулаториялық қызметтер бір жылда 6% қымбаттады

Мамыр айында медициналық қызметтер бағасының өсуі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,9% құрады.

Соның ішінде амбулаториялық қызметтер 6%, фармацевтикалық препараттар 6,9% қымбаттады, деп хабарлады energyprom.kz.

Елімізде биылғы мамырда дәрігердің алғашқы қабылдауының бағасы 16,1% өсіп, 3,1 мың теңгені құрады. Дәрігердің алғашқы қабылдауы, әсіресе, Алматы тұрғындары үшін қымбатқа соғып отыр (4,5 мың теңге), ал ең арзаны Түркістан қаласында (1,9 мың теңге).

Қазақстанда ультрадыбысты зерттеу орташа есеппен 3,5 мың теңгені құрайды, бұл өткен жылға қарағанда 12,7% көп. Биыл жалпы қан талдауының бағасы 1,2 мың теңгеге жетті. Тіс жұлдыру құны 10,6% өсіп, 3,9 мың теңгені құрады.

Хабар 24 телеарнасы