424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде жедел жәрдем қызметінің көлік паркі толығады

  • 171
  • UPD: 09:13, 14.08.2020
Өскеменде жедел жәрдем қызметінің көлік паркі толығады

Шығыстағы жедел жәрдем қызметі жақын арада 216 көлікпен толығады. Сондай-ақ ауруханаларда қосымша 277 реанимациялық төсек дайындалады.

Дәрі-дәрмекпен қамту бойынша да нақты жоспар жасалды. Қазір қоймада COVID-19 инфекциясын анықтайтын 188 мың жедел тест дайын тұр. Қыркүйектің бірінен бастап,  емханаларға қосымша  400 ге жуық оттегі баллонын   алу жоспарда бар.  

Райфа Сафиоллинова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Тамыздың 17-сінен бастап стационарлық көмек көрсетіле бастайды. Ал тамыздың 20-нан сол стационарды амбулаторлық емханамен ауыстыруға дайындалып жатырмыз.  Оған қоса жедел жәрдем қызметіне көмек ретінде санитарлық  көліктерді де жарақтап жатырмыз. Оны жасақтау үшін республикалық бюджеттен 116 техникаға қосымша қаржы бөлінді.

Хабар 24 телеарнасы